ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетінің мәліметінше, турнирге жеңіл атлетикадан ел үздіктерінің басым бөлігі қатысады. Таңертеңгі жарыс бағдарламасында 60 және 400 метрге жүгіруден іріктеу айналымы өтіп, көпсайыс басталды. Кешкі бағдарламада бірнеше қашықтық бойынша финалдық жарыс өтеді.
Қазақстан чемпионаты 18 қаңтарда аяқталады.