Өскеменде жеңіл атлетикадан жабық кешендегі Қазақстан чемпионаты өтеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Өскеменде жеңіл атлетикадан жабық кешендегі Қазақстан чемпионаты өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz сілтеме жасап.

Жасөспірімдер арасындағы ел біріншілігі 8-10 ақпан күндеріне жоспарланған. Өскемен қаласындағы «Ольга Рыпакова» атындағы жеңіл атлетика кешенінде өзара мықтыны анықтайды.