7 шілдеде «102» жедел арнасына Өскемен көшелерінің бірінде қолдан жасалған спирт қосылған сұйықтықты сату туралы хабарлама түскен. Тексеру барысында полиция қызметкерлері 215 литр сұйықтықты анықтап, тәркіледі.
— Қала тұрғыны тиісті тіркеусіз және рұқсатсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Құқық бұзушыға 15 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Тәркіленген заттың құрамын дәл анықтау және тұтынушылар үшін қауіпсіздік дәрежесін белгілеу мақсатында сот-сараптамалық зерттеу тағайындалды. Сараптама нәтижелері алынғаннан кейін жинақталған материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жолданады, — деп хабарлады Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінен.
Осы жылдың басынан бері Өскеменде спирт қосылған өнімдерді сатуға қатысты заңсыз кәсіпкерлік қызметтің 57 фактісі анықталды. Заңсыз айналымнан бір жарым тоннаға жуық алкоголь және спирт қосылған өнім тәркіленді.
Еске салайық, осыған дейін Жамбыл облысында көлігіне 8,5 келі марихуана жасырған күдікті ұсталғаны хабарланғанбыз.