ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, «102» жедел арнасына хабарласқан әйел 10 жасар қызының із-түзсіз жоғалып кеткенін жеткізген.
Оның айтуынша, түскі уақытта мектептен шыққан баласы сол күйі үйге келмеген.
Хабар түсісімен полиция департаментінің жеке құрамы дереу жұмылдырылды.
«Іздестіру шараларын жүргізген тәртіп сақшылары 4-сынып оқушысын сол күні тапқан. Белгілі болғандай, кәмелет жасына толмаған бала басқа автобусқа отырып, адасып кеткен. Осылайша, ол Октябрьский кентіне кетіп қалған. Қазіргі уақытта қыз ата-анасына жеткізілді», - делінген ақпаратта.