Өскеменде жоғалып кеткен қыз өз үйінің шатырында тығылып отырған

None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскеменде жоғалып кеткен жасөспірім қыз аман-есен табылды. Полиция мен Ұлттық ұлан қызметкерлері жүргізген іздеу жұмыстары тура бір тәулікке созылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Еске сала кетсек, 7тамыз күні сағат 18:30 шамасында Өскемен қаласының Есенберлин көшесі, 4 «А»мекенжайында тұратын, 12 жастағы Жанерке Қанапиянова үйінен шығып кетіп, қайта оралмағаныхабарланған болатын. Оны іздестіру жұмыстары ұйымдастырылып, іздеу шараларынаӨскемен қалалық Полиция басқармасының жеке құрамы мен Ұлттық ұланның 60 әскериқызметкері жұмылдырылды.

Құқыққорғаушылармен Ұлттық гвардия қызметкерлері Өскемен қаласының 19-шы шағынауданында іздеужұмыстарын жүргізіп, жергілікті тұрғындардан сұрастырған.

Бүгін ШҚО Полициядепартаментінің баспасөз қызметі қыз бала дін аман табылғанын мәлім етті.

«Жасөспірімді іздестіружұмыстары сәтті аяқталды. Ол 8 тамыз күні кешқұрым табылды.Қыз баланың өзі түсіндіргендей, ол осы уақытқа дейін өзі тұрған үйініңшатырында тығылып отырған. Анасымен ұрысып қалғаннан кейін, үйінен кетіп қалған. Баланы медициналыққызметкерлер тексеріп, өміріне ешқандай қауіптің туындап тұрмағанын анықтады»,- делінген департаменттің хабарламасында.

Қазіргі уақытта істің мән-жайын Жасөспірімдер ісіжөніндегі полиция тексеріп жатыр.