ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Ташкент көшесінде келе жатқан Subaru Impreza автокөлігінің жүргізушісі рульді басқара алмай қалып, қарсы жолаққа шығып кеткен.
Соның салдарынан Toyota Land Cruiser Prado көлігімен соқтығысты.
«Subaru Impreza көлігінің 29 жастағы жүргізушісі сол жерде тіл тартпай кетті. Toyota Land Cruiser Prado көлігін тізгіндеп келе жатқан 71 жастағы азамат пен 65 жастағы әйел және кәмелет жасына толмаған бала түрлі дене жарақатымен ауруханаға жатқызылды», - делінген ақпаратта.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-бабы 3-бөлігіне (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуының адам өліміне әкеліп соғуы) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.