«Кеше әлеуметтік желіде Өскемен тұрғыны жариялаған видео тарады. Видеода қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің автокөлігі Нұрсұлтан Назарбаев даңғылындағы тұрғын үйдің ауласындағы көліктердің жолын бөгеп тұрғандығы көрсетілген. Ал сол көлік тізгінінде аталған бөлім басшысы Еркін Тұраров болды», - деп жазды әкім Instagram -дағы парақшасында.
Қала басшысының айтуынша, ТҮКШ бөлімінің басшысы көлікті ауладағы тұрақтан шығарып, полицияның келуін күтті.
«Оған қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Сондай-ақ бөлім басшысына жол қозғалысы ережелерін бұзбау және мемлекеттік қызметшілердің этикасын сақтау қажеттігі жайлы түсіндірілді», - дейді Жақсылық Омар.