Өскеменде жол талғамайтын көлік өзенге құлап кетті
17:44, 15 Наурыз 2017
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Бүгін Өскеменде Үлбі көпірі өткелінде жол-көлік оқиғасы салдарынан көлік жолдан өзенге құлап кетті, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
Оқиға орнына ШҚО ТЖД құтқарушылары шұғыл аттанды. Абырой болғанда, жүргізуші аман қалып, көлік батып кеткенше, шығып үлгерген.
Көлік толықтай батып кетті, тек төбесі ғана көрініп тұрды.
Сүңгуірлер көлікті тексеріп, ішінде ешкім жоқ екенін анықтаған соң, кран көмегімен көлікті судан алып шықты, деп хабарлады ТЖД.