Шығыс Қазақстанда тыныс алу жолдары инфекцияларын жұқтырғандар саны күн сайын артып барады. Бүгінде 70 мыңға жуық адамға ЖРВИ диагнозы қойылған. Оның ішінде 200-ден астам жүкті әйел бар.
Осыған байланысты Өскемендегі Ана мен бала орталығында эпидемиологиялық шектеу шаралары енгізілді. Соның аясында босану бөлімшелерінде серіктестің болуына уақытша тыйым салынып отыр.
- Карантиндік талаптардың күшеюіне байланысты серіктеспен босану уақытша тоқтатылды. Босану бөлмелерінде олардың қатысуына рұқсат берілмейді. Қалыпты тәртіптің қайта енгізілуі туралы ақпарат қосымша хабарланатын болады, - делінген орталық өкілдері таратқан ақпаратта.
Бұдан бөлек аймақта гонконг тұмауының да өсімі тіркеліп отыр. Бүгінде бұл инфекцияны жұқтырған 50-ге жуық адам анықталған.
Еске салсақ, осыған дейін СҚО-да бір аптада «гонконг тұмауын» жұқтырғандар саны екі есе артқаны хабарланған.