Өскеменде жұмыртқа бағасының өзгеруіне не әсер етті

Фото: ҚР АШМ

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM — Өскемен қаласында жұртқа бағасы қүрт қымбаттап кетті. Соңғы күндері тұрғындар қала дүкендерінде 10 жұмыртқаның бағасы бірден 80 теңгеге қымбаттап кеткенін айтып жатыр. 

— Бұрын он дана жұмыртқаны 550 теңгеге алатынбыз. Қазір баға 630 теңге болып кетті. Бірден осыншама қымбаттауына не әсер етті? — дейді өскемендіктер.

Бұл сауалға Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Қымбат Әнуарбекова жауап берді. 

— Бағаның қымбаттауына негізгі себеп — қазақстандық құс фабрикаларындағы жұмыртқа құнының өсуі. Сонымен қатар, біздің өңірде жұмыртқа өндіру орындары жоқ. Бұған қосымша жеткізу шығындары қосылады, — деді ол.

Еске салсақ, осыған дейін Жетісу облысында жұмыртқа мен сары майды 20-50 пайыз үстемемен сатқандар жазаланғаны хабарланған

Сондай-ақ Үкімет өңірлердегі әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын талқылаған болатын