«Қазақстан су жолдары» РМҚК Жоғары Ертіс бөлімшесі ертең - 22 сәуірге дейін нысанды Ертісті төмен бойлай, Пограничная және Тоғас көшелеренің ортасында орналасқан автомобиль көпірінен төменге сүйретіп апарып, ағып кетпеуі үшін арқандауды ұсынды.
Соңғы рет 3 наурыз күні ол Ертістің орталығынан ағыс алып кетіп, қайраңға тұрып қалған, сол жолы кеменің трюміне зақы келді. Біраз уақыттан соң оны қайтадан жағаға сүйреп әкеліп, 260 метрлік темір арқанмен жағаға бекітті.
Еске сала кетсек, 18 сәуір күні Өскемен ГЭС-тің суды азайту жоспарына сәйкес, 997 текше метр су ағызылды. Сол жолы қатты ағыс кесірінен дебаркадерді жағаға бекіткен темір арқан үзіліп, жүзбе нысан жағалауға зақым келтірді.