Қалалық полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, «Контрафакт» жедел алдын алу шарасы барысында 3 өскемендіктің атына 160 мың теңгеге онлайн-несие рәсімдеген Алматы облысының тұрғыны анықталды.
«Сондай-ақ 1996 жылғы қыз құрбысының атына 156 мың теңге мөлшерінде онлайн-несие алған. Қазіргі уақытта аталған фактілер бойынша ҚР ҚК 190-бабымен (алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Жыл басынан бері осы сынды 56 алаяқтық тіркелген», - делінген ведомство өкілдері.
Полиция қала тұрғындарына әлеуметтік желілерде жеке деректерді таратпауға және ғаламтордан тауар сатып алған кезде барынша абай болуға шақырады.