ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында 2020 жылдың басынан бері 64 өрт оқиғасы орын алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қалалық төтенше жағдайлар басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, биыл шаһар бойынша тілсіз жаудан 3 адам көз жұмып, 4 адам жарақат алған.
«Өткен жылдың сәйкес кезеңінде 79 өрт оқиғасы тіркеліп, 3 адам қаза тапқан болатын. Жалпы 2019 жылы тілсіз жаудан 17 адам көз жұмған. Көп жағдайда қызыл жалынның алдын алуға болар еді. Сондықтан тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертеміз», - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Талғатжан Мұхаметбекұлы
Өскемендегі С.Аманжолов атындағы ШҚУ-ды "Журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2015 жылы ШҚО "Алдаспан" газетінде тілші болып бастады. ШҚО "Менің өлкем" газетінде тілші, республикалық "Жас қазақ", "Заң" газеттерінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілші, ШҚО "Менің өлкем" газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Kazinform агенттігінде 2021 жылдан бері жұмыс істеп келеді.