«Өскемен жылу желілері» АҚ мәліметіне сүйенсек, шаһарда 25 қыркүйектен жылыту маусымы басталды.
Қосылу өткен жылдардағыдай жылу тұтыну объектілерінің техникалық дайындығын ескере отырып кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.
«Жылу 3, 4, 6, 7, 9 және 105 қазандықтардың (Жаңа ахмир ауылы) минималды жүктемесін қамтамасыз ететін қондырғылар дайын болғаннан кейін қосылады», - деп хабарлады компания өкілдері.
Айта кетейік, қаладағы жылу есептегіш құралдары және техникалық дайындық паспорты бар үйлер 1 қыркүйектен бастап жылытуға қосылды.