Бұл ұзақ уақыт бойы пайдаланылмаған және іске қосылмаған нысан. Заңға сәйкес, тиісті конкурстық рәсімдер аяқталғаннан кейін және комиссияның оң шешімі болған жағдайда, 15 жұмыс күні ішінде мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті облыс әкімдігімен келісу арқылы мүліктік кешенді мемлекеттік органдардың біріне беру туралы шешім қабылдайды.
- Азия Авто» зауытының аумағын мемлекет меншігіне бекіту оны жүйелі дамытуға, яғни инфрақұрылымды жаңғыртудан бастап жаңа өндірістерді іске қосу мен инвестиция тартуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар бұл жерде арнайы экономикалық аймақ құру мәселесі қарастырылып отыр. Отандық және шетелдік инвесторларды тарта отырып, жаңа өндірістерді орналастыру жоспарланған, - деп хабарлады облыс әкімдігінен.
Жоспарларды іске асыру үшін нысанның техникалық жағдайына кешенді талдау жүргізу, инфрақұрылымды қалпына келтіру және жаңғыртуға қажетті жұмыстардың көлемі мен құнын бағалау қажет.
Еске салсақ, осыған дейін «Азия Авто» компаниясының бұрынғы басшысы сырттай 9 жылға бас бостандығынан айырылғаны хабарланған.