Облыс әкімі Даниал Ахметовтің тапсырмасы бойынша қоғамдық көлік нысандарын тексеріп жүрген әкімдік өкілдері Мыза көшесінде орналасқан әмбебап бекеттен көптеген кемшіліктер тапқан.
Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі департаментінің өкілдерімен және қоғамдық ұйым мүшелерінен құралған комиссия вокзал барлық талаптарға сай емес деген қорытынды шығарды.
Теміржол компаниясы мен автобус парктеріне бірдей қызмет етіп отырған нысанға күрделі жөндеу қажет екені соңғы 2 жылдан бері айтылып келеді.
«Вокзалдағы жалпы қолданысқа арналған бөлмелер ақылы. Бекеттің бас ғимаратында да, перрондарда да бір де бір пандус жоқ» - делінген департаменттің баспасөз ақпаратында.
Бұл бекет арқылы күніне 3 жолаушы пойызы жолға шығады. Ал аудандарға ондаған автобус ағылуда. Тексеру матриалдары «Қазақстан Темір жолы Ұлттық компаниясы» АҚ-на жолданды.