Форумның басты тақырыбы орнықты даму мен жоғарғы технологиялар салаларындағы ынтымақтастық болады.
Сонымен қатар, екі ел президенттері Д.Медведев пен Н.Назарбаев өзара келіссөз жүргізеді. Келіссөздер барысында ТМД кеңістігіндегі ықпалдасу түрлерінің даму перспективасына, ең алдымен, Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістік құру мәселелеріне, Кеден одағының сыртқы шекарасына бірлесе бақылау жасау тәжірибелеріне ерекше көңіл бөлінеді.
Аймақаралық ынтымақтастықтың VII форумында бірқатар екіжақты құжаттарға қол қойылады деп күтілуде.