Өскемендегі қоқыс өрті ауаны ластауда – экологтар

Фото: None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемендегі қоқыс полигоны өртенді. Ол сөндірілгенмен қоқыстан шыққан түтін үш күннен бері басылар емес. Экологтар ауада хлорлы сутектің мөлшерден тыс деңгейге жеткенін хабарлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

11 тамыз күніӨскеменнің іргесіндегі Шмелев Лог ауылында күлтөбеден өрт шығып, ертеңінде сөндірілгенболатын. Жалын басылғанмен, бықсыған түтін басылар емес.

«Қазір өрт болғанаумақ толықтай күзетке алынды. Қоқыс алаңында қопсыту жұмыстары жүріп жатыр. Жаңбырсызауа райы мен желдің қалаға бет түзеуі жағдайды ушықтырып тұр. Өрт аумағынайқындау қиын. Өйткені, қоқыстың асты жанып жатыр», - дейді Өскемен қаласытөтенше жағдайлар басқармасының Азаматтық қорғаныс бөлімінің басшысы ВалентинЛитвиненко.


Экологтардың сөзінеқарағанда, бірнеше күн бойы бықсыған түтін қаланың ауасын ластап жатыр.

«Мемлекеттікэкологиялық құрылымдардың ауа сынамаларын алған, алмағаны туралы ақпарат жоқ.Ал Экологиялық қауіпсіздік орталығына тиесілі автоматтандырылған өлшеу жүйесіауада хлорлы сутектің мөлшерден артқанын анықтады. Бұл қоқыстың әлі де жаныпжатқанын растайды. Қаладағы автоматтандырылған өлшеу құралдарының барлығындаауаның ластануы тіркелді. Хлорлы сутектің артуы шетін жағдай болмаса да,тұрғындарға аса қажет болмаса, сыртқа шықпауға кеңес береміз», - дейдіЭкологиялық қауіпсіздік орталығының маманы Елена Полянцева.