ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскемен қаласындағы май зауытында шыққан өрт ауыздықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қалалық төтенше жағдайлар бөлімінің хабарлауынша, Степная көшесіндегі май зауытында бүгін сағат 11.10-да басталған өрт 13.30 шамасында толықтай сөндірілді.
«Өрт аумағы 670 шаршы метрді құрады. Қызыл жалын күнбағыс дәнін тазалау цехы мен қоймаларды шарпыған. Өртті сөндіруге 70 адам мен 20 техника жұмылдырылды» - делінген ведомство мәліметінде.
Естеріңізге сала кетсек , осыған дейін Өскеменде май зауытында өрт шыққаны жайлы хабарланған болатын.
Талғатжан Мұхаметбекұлы
Өскемендегі С.Аманжолов атындағы ШҚУ-ды "Журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2015 жылы ШҚО "Алдаспан" газетінде тілші болып бастады. ШҚО "Менің өлкем" газетінде тілші, республикалық "Жас қазақ", "Заң" газеттерінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілші, ШҚО "Менің өлкем" газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Kazinform агенттігінде 2021 жылдан бері жұмыс істеп келеді.