Бұл туралы Өскемен қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Әсем Сексенова хабарлайды.
««Нұрлы жол» саябағы жуықта ғана ашылған болатын. Жаңа демалу орнына шаһар тұрғындарын көптеп тарту үшін тегін Wi-Fi қызметі іске қосылды. Бұдан былай саябақтың кез келген нүктесінен тегін интернет қызметін алуға болады», - дейді Әсем Сексенова.
«Нұрлы Жол» саябағындағы тегін интернетке қосылу үшін ұялы телефонның кез келген нөмірімен 2160 нөміріне «Wifi» деп жазып, хабарлама жолдау керек. Хабарлама құны 7 теңге тұрады.