Өскемендегі Сeltic Jam халық билері фестиваліне қатысушылар шотландтықтардың неге шалбар кимейтінін білуде

None
ӨСКЕМЕН. 8 тамыз. ҚазАқпарат - «Мұражайдағы жаз» бағдарламасының аясында 11 тамыз күні «Жастар» саябағының экологиялық ауылында Celtic Jam атты бретондық және шотландтық халық билерінің фестивалі өтеді, деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметінен.

Өскемендегі көне билер клубы облыстық мәдениет басқармасы және ШҚО сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық мұражай-қорығының қолдауымен қаланың барлық тұрғындарын қызықты кешке қатысуға шақырады.

Кельттер деген кім? Шотландтықтар неге шалбар кимейді? Англия - Британь болса, Францияның провинциясы неге Бретонь деп аталады? FestNoz деген не? - осы және тағы басқа көптеген сұрақтарға жауапты келушілер «Жастар» экологиялық ауылының би алаңында біле алады.

Бұдан басқа, 500 жылдан астам тарихы бар өте қарапайым және әсерлі кельттік билерді орындау ұсынылатын болады. Бұл билердің жыныс, жас ерекшелігі және билей білу-білмеу бойынша ешқандай шектеулерң жоқ.

Ең белсенді қатысушыларды сыйлықтар күтіп тұр. Басталуы - сағат 17:00-де.