«Спорттағы дарынды балаларға арналған білім ошағында биыл 395 оқушы білім алатын болады. Мектепке 100 оқушы қабылданды. Білім ордасында барлығы 17 сынып бар, олардың 8-і қазақ тілді, 9-ы орыс тілді. Мектеп-интернатының қабырғасы жағымды жаңалықтарға толы. Мәселен, биылдан бастап мұнда жаңадан хоккей сыныбы ашылды. Қыздар волейболы, жүзу және велоспорттан жаңадан жаттықтырушылар қабылданды», - деп хабарлайды Елжан Қайырханов.
Аталмыш мектеп-интернатына облыстық әкімдік тарапынан қаржы бөлініп, оған күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген. Білім ордасының алдына тасжол төселіп, спорт алаңдары салынып жатыр. Мектеп қабырғасында спорттың 12 түрі бойынша жаттығатын балаларға күнделікті 6 рет тамақтандыру жолға қойылған.