«Арнайы мамандандырылған ұйым көпірді тексеріп шықты және өз тұжырымдарын берді. Осының негізінде көпірге қайта жөндеу жұмыстарын жүргізу жобасы әзірленді. Бірақ, қазіргі заманда бәрі қаржыландыруға тіреледі», - деп хабарлады қалалық ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Асқар Жақсылықов.
Сондай-ақ, Асқар Жақсылықов 2017 жылы жөндеу жұмыстарына қаржы бөлінбегенін және Үлбі көпірі арқылы қозғалыстың адамдар өміріне қауіп төндірмейтінін атап өтті.