Облыс аумағында 3 қалалық деңгейдегі жағажай бар. Оның екеуі Өскеменнің өзінде орналасқан. Құтқарушылар «Көгілдір көл» және «Октябрь» жағажайлары адам қабылдауға дайын емес екенін ескертеді.
«Шомылу орындарының кемшіліктері ортақ: жүзу шекарасы белгіленбеген, балаларға арнайы орын қарастырылмаған, тереңдігі 1,2 метрден асып кетеді. Осындай кемшіліктері үшін былтыр бір жағажайдың жер телімі мемлекетке қайтарылған болатын», - дейді қалалық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Валентин Литвиненко.
Ал Семейдегі жағажайлардың ешбірі ресми тіркелмеген. 340 шомылу орны ның арнайы құрылғылармен жабдықталмаған. Олардың көбінде бақылау мұнаралары да орнатылмаған.
«Бұл мәселе жыл сайын айтылады. Шомылуға болмайтын жерлерге арнайы белгілер де қойылған. Оны елейтіндер шамалы» - деді облыстық ТЖД-ның төтенше оқиғаларды жою бөлімінің басшысы Азамат Қапышев.