Өскемендік А. Горковенко баламасы жоқ «AWS CORE-2014» алғашқы қазақстандық антивирусын құрастырды

ӨСКЕМЕН. 9 желтоқсан. ҚазАқпарат - Өскемендік жас бағдарламашы Андрей Горковенко алғашқы қазақстандық антивирус - «AWS CORE 2014» бағдарламалық қамтамасыз етуді құрастырды.

Андрей Горковенконың сөзіне қарағанда, бұл Қазақстандағы бірінші антивирусты бағдарлама және оның баламасы жоқ. Бұл бағдарламаның құрамы 100 пайыз Қазақстанға тиесілі. Андрей аталмыш бағдарламаның жалғыз авторы, және оған көмектескендер де тек қазақстандық жастар. Бағдарламалық өнім патенттелген.

Өскеменде өткен аймақтық инновациялық жобалар көрмесінде бағдарламашы Горковенко өзінің көмекшілерімен бірге отандық өнімде шығарылған «антивирусын» таныстырды. ҚазАқпарат агенттігі тілшісінің олардың «бұл көрмеден не күтетіндігі, және оған қызығушылықты ояту үшін немесе қаржылай қолдау табу үшін қатысып жатыр ма?»,- деген сұрағына күтпеген жауап алды. «Қаржыландыру бойынша мәселе жоқ. Біздің желіміз Қазақстанның өзінде жақсы дамыған, яғни бір жылдың ішінде біздің отандық өнімімізді 12 мың пайдаланушы орнатып үлгерді. Қазақстандағы серіктестеріміз де аз емес: әр қалада бір-бір серіктесіміз бар», - дейді Андрей.

«AWS CORE» - бұл жаңа өнім, оның негізінде бірден екі антивирустық Altair 3 және американдық өңдеудегі осы өнімнің бастапқы кодын қажет етпейтін ядролары бар. Тоқетері, 100 пайыздық қазақстандық бағдарлама.