Өскемендік ата-ана баласын мектепке дайындау үшін қанша теңге жұмсайды
Бірінші киім-кешектен бастайық. Әр тауардың арзаны да, қымбаты да кездеседі. Біз орта бағасын алып отырмыз.
Бірінші сыныпқа баратын ұл балаға:
1. Костюм-шалбар – 15000 теңге;
2. Жейде – 2800 теңге;
3. Галстук – 400 теңге;
4. Күртеше – 7000 теңге;
5. Туфли – 5500 теңге;
6. Мұғалімге гүл – 2000 теңге;
7. Футболка – 2200 теңге;
8. Спорттық киім – 8900 теңге;
9. Спорттық аяқ-киім – 5500 теңге;
Жиынтық сома – 49 300 теңге;
Бірінші сыныпқа баратын қыз балаға:
1. Пиджак пен белдемше (комплект) 14 200 теңге;
2. Көйлек – 3200 теңге;
3. Сарафан – 12 300 теңге;
4. Туфли – 7000 теңге;
5. Бантик – 700 теңге;
6. Футболка – 2500теңге;
7. Спорттық киім – 9500 теңге;
9. Спорттық аяқ киім – 5500 теңге;
10. Ақ колготки 2500 теңге;
11. Мұғалімге гүл – 2000 теңге;
Жиынтық сома – 59 400 теңге;
Кеңсе тауарлары:
1. Сөмке – 10 000 теңге;
2. Қаламсап – 60 теңге;
3. Қарындаш – 50 теңге;
4. Өшіргіш – 75 теңге;
5. Жұмсақ пенал – 900 теңге;
6. Ұштағыш – 75 теңге;
7. Сызғыш – 85 теңге;
8. Тор көзді дәптер – 30 теңге. Он данасын алсаңыз – 300 теңге;
9. Қисық жол дәптер – 30 теңге. Он данасын алсаңыз – 300 теңге;
10. Кітапқа арналған қаптағыш – 120 теңге. Он данасын алсаңыз – 1200 теңге;
11. Мұқабасы қатты күнделік – 800 теңге;
12. Дәптерге арналған қаптағыш – 110 теңге. Он данасын алсаңыз – 1100 теңге;
13. Акварель бояулар – (12 түс) – 515 теңге;
14. Қылқалам жиынтығы – 800 теңге;
15. Түрлі-түсті қарындаш (12 түс) – 795 теңге;
16. Сурет салуға арналған альбом (20 бет) – 450 теңге;
17. Фломастер (12 түс) – 895 теңге;
18. Қайшы – 250 теңге;
19. Желім – 250 теңге;
20. Түрлі-түсті қағаз (8 түс) – 380 теңге;
21. Ермексаз (8 түс) – 730 теңге.
Жиынтығы: 20 010 теңге
Демек, ұлын бірінші сыныпқа беретін ата-ана 69 310 теңге жұмсаса, қыз баласы барлар 79 410 теңге шығындайды. Бұл әрине орташа есеппен алғанда. Әйтпесе, мүмкіндігі барлар қымбатын таңдап, бұдан да көп шығындай алады, ал қаржы жағынан қиналғандар ең арзандарын алып, аз-маз үнемдеуіне болады.