Семинар барысында дәрігерлерге инфекцияның таралуы, этиологиясы, клиникалық көрінісі және коронавирусты жұқтырған адамды қалай анықтау керектігі туралы кеңінен айтылды. Сондай-ақ науқастарға медициналық көмек көрсету және инфекцияның алдын алу жайлы түсіндірілді. Ақ халаттылар өздерін толғандырған бірқатар сұрақтарға жауап алды.
«Коронавирустың алдын алу үшін ЖРВИ-мен ауыратын науқаспен байланыста болған жағдайда және медициналық ұйымдарға барған кезде бір рет қолданылатын маска киіп, оны 3 сағат сайын ауыстырған жөн. Одан соң қолды жиі жуып, үй ішіндегі ауаны тазартып отырған абзал», - дейді Ана мен бала орталығының дәрігерлері.