Болашақта жас өнертапқыштың бұл өнертабысы облыс орталығындағы зауыттарда іс-тәжірибе жүзінде қолданылады деп жоспарланған.
Бүгін аталмыш жобаның тұсаукесері өтті. Вадим Шагаловтың айтуынша, осы роботтың көмегімен газ түтіктеріндегі кедергілерді анықтауға болады.
Роботты телефон немесе ноутбуктің көмегімен басқаруға мүмкіндік бар.
«Шыны керек, жобаға алдағы уақытта бірқатар толықтыру енгізу қажет. Роботтың электронды бөлігін Arduino, Raspberry Pi және SLAMTEC сияқты аппараттық-бағдарламалық құралдардың көмегімен жабдықтадым. Жалпы, бұл робот арқылы қол жетпейтін жердегі олқылықтарды анықтап, оны фото-видеоға түсіруге болады», - дефді Вадим Шагалов.
Шара соңында колледж директоры Вадим Шагаловқа жылы лебізін білдіріп, алғыс хат табыс етті.