Өскемендік студент және оның сыбайласы қала тұрғынын ұрып-соғып, тонап кетті

None
ӨСКЕМЕН. 9 сәуір. ҚазАқпарат - Өскемен полицейлерінің сауатты қимылдарының арқасында сенбі күнінің кешінде көшеде адамды тонап кеткен екі күдікті ұсталды,

деп хабарлады ШҚО ІІД-нен.

«Қылмыс туралы дабыл» 30 жастағы жергілікті тұрғыннан келіп түсті. Қала орталығында екі жігіт оған шабуыл жасаған, ұрып-соғып, кеудешесінің қалтасынан әмияны мен пәтерінің кілтін алып кеткен.

Ұсталғандар ШҚМУ-дің үшінші курс студенті мен 20 жастағы жұмыссыз жігіт болып шықты.

Ұрланған заттар алынды, тергеу амалдары жүріп жатыр.

Күдіктілерге топ болып зорлық-зомбылық көрсету арқылы қарақшылық жасады деген айып тағылып отыр. Бұл, мүлікті тәркілеумен бірге 6-дан 12 жылға дейін бас бостандықтан айыруды қарастырады.