Өскемендік тастаяқшы Д. Оспанғалиев «Құрастырмалы пирамидадан» ел чемпионы атанды

АЛМАТЫ. 3 cәуір. ҚазАқпарат - Алматыда 18 жасқа дейінгі жастар арасында бильярдтың «Құрастырмалы пирамида» түрінен ел чемпионаты өтті.

Үш күнге созылған бұл жарысқа Алматы, Астана, Есік, Қостанай, Қызылорда, Өскемен, Павлодар, Талғар, Семей қалаларынан 27 тастаяқшы қатысқан болатын. Ақтық сында қостанайлық Михаил Точилкиннен басым түскен өскемендік Диас Оспанғалиев ел чемпионы атанды.