Полиция басқармасының мәліметінше, қалада дәл осындай үш жағдай тіркелген. Үшеуінде де ресейлік тіркеу нөмірі бар көлік иелері зардап шеккен.
Олардың айтуынша, нөмірлерді жымқырған ұрылар қайтарымына ақша талап етіп, хат қалдырып кетіп отырған.
«Тәртіп сақшылары күдікті ретінде 20 және 21 жастағы екі азаматты анықтап, қамауға алды. Олар жасаған қылмыстарын мойындады. Қолды болған барлық көлік нөмірі тәркіленді», - деді қалалық Полиция басқармасынан.
Ұсталғандарға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.