Өзінің 66 келі салмақ санатында Шаяхмет Қанапиянов барлық қарсыластарын жеңген.
«Бұл менің ғана емес, бапкерлерімінің, барша мені қолдағандардың жеңісі. Соңғы айқаста қатты қобалжыдым. Уақыт аз болды, алайда медаль алдым. Мұнымен тоқтап қаламын деп ойламаймын», - деді спортшы.
13-ші Сурдлимпиада ойындары 18 шілдеде басталған, 30 шілдеде аяқталады. Жарысқа үш мыңнан астам спортшы қатысуда. Қазақстаннан еркін жән грек-рим күресі, жеңіл атлетика, жүзу, таеквондо, үстел теннисі, спорттық бағдарлау бойынша 50-ден астам спортшы қатысуда.
Белгілі болғандай, Сурдлимпиадалық ойын 1924 жылдан бері өткізіліп келеді. Оған есту қабілетінде ақауы бар адамдар қатысады.