Өскемендіктер тегін таксиге айыппұл салғандардың әрекетіне наразылық танытты

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскеменнің әкімі Қуат Тұмабаев қалалық ІІБ бастығына аялдамада тоңып тұрған адамдарды тегін жеткізіп жүрген жүргізушілерге айыппұл салған полицейлердің үстінен шағым түсіріп жатқан азаматтардың арызымен айналысуын сұрады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Белгілі болғандай, қала тұрғындары үлкен аялдамаларда жол полицейлерінің күзетіп тұрғаны үшін шағым түсірген. Алайда олар адамдарға көмектесу үшін тұрмаған. Полиция қызметкерлері аялдамада тоңып тұрған адамдарды үйіне немесе жұмыстарына тегін жеткізу үшін тоқтаған жүргізушілерге айыппұл салған.

Полиция бастығы Дәуір Ыбыраевтың айтуынша, мұндай фактілер назарға алынады. Егер жүргізушілердің адамдарды үйлеріне тегін жеткізгендері үшін айыппұл салынғаны рас болса, онда айыппұл салған полицейлер жазаға тартылады, деп сендірді полиция.