«Үйдегі Интернет» қызметін пайдаланушыларға қосылуда ақы талап етілмейді және қосымша модем құрылғысын қондырудың да қажеті жоқ. Тек (Fast Ethernet LAN adapter) желілік платасы бар компьютер болса жеткілікті екен. Өскемен - Қазақстаннның «Үйдегі Интернет» қызметі қосылған тоғызыншы қала болып отыр.
«Біздің қалада Интернетке желілі түрде кіру қызметі іске қосылғаны туралы жағымды жаңалықты өскемендіктерге жеткізгеніме қуаныштымын. Бұл компания үшін үлкен жетістік болып табылады. Beeline-нан айына құны 1900 теңге тұратын «Үйдегі Интернет» шексіз тарифіне 2011 жылдың 15 қыркүйегіне дейін қосылуға болатынын хабарлаймын. Жақын арада «Beeline-нан «Үйдегі Интернет» қызметі Семей қаласы тұрғындары үшін де қол жетімді болады», - дейді «КаР-Тел» ЖШС-нің Өскемендегі филиалының директоры Надежда Новикова.
"Үйдегі Интернет» қызметі тұрғын үйлердің секундына 20 Мб жылдамдыққа дейінгі оптиткалық-талшықты желіге қосылуын қарастырады.
«Үйдегі Интернет» қызметінің тарифтік жоспары алдын‑ала төленген жоғары жылдамдықты - 2000 теңгеден 6000 теңгеге дейін 20 Мб/с-қа дейін және лимитсіз - 3600 теңгеден 4600 теңгеге дейін жылдамдығы 1 Мбит/с бастап 4 Мбит/с‑қа дейін, соған сәйкес трафик көлемі шектеусіз болады. Тарификация тек кіріс трафигінен шығады.