Өскеменге қаладағы ең үлкен сағат тарту етілді

None
ӨСКЕМЕН. Тамыздың 26-сы. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Кеше Өскеменде қаладағы ең үлкен сағат орнатылды. Темірден жасалған жаңа құрылғының биіктігі 10 метрді, белдікшесінің ені - 1 метр 20 см, циферблаттың диаметрі - 3 метрді құрайды.

Стилі жағынан ол ерлердің классикалық сағатына ұқсатып жасалған. Сағат қала орталығындағы «Юбилейный» кинотеатрының алдына орнатылды. Электр желісіне қосылғаннан кейін, сағат Астана уақытымен жүретін болады.

Сағат құрылғысын жергілікті «Металл бұйымдар зауыты» ЖШС дайындаған. Бұл кәсіпорынның қаланың туған күніне жасаған тартуы - тамыздың 30-ы күні Өскеменге 290 жыл болады.