Өскеменге жеңілдетілген бағамен көмір жеткізу жөнінде келісімге қол қойылды

ӨСКЕМЕН. 1 маусым. ҚазАқпарат - Бүгін Өскемен қаласының әкімі Серік Тәукебаев пен «Қаражыра ЛТД» ЖШС-нің директоры Марғұлан Мәкішев қаланың халықтың әлеуметтік қорғалмаған бөлігі үшін жеңілдетілген бағамен көмір жеткізу жөнінде келісімге қол

қойды.

Жеңілдетілген бағамен көмір жеткізу жөнінде келісім әкімдік пен компания арасында алғаш рет 2009 жылы жасалған болатын. Осы уақыт аралығында қалаға ардагерлер мен мүгедектерге, соғысқа қатысушылар мен тұрмысы нашар және көп балалы отбасылар үшін жеңілдетілген бағамен 106 мың тонна көмір жеткізілді. 3 жыл ішінде 17 603 адам жеңілдетілген бағамен көмірге ие болды. Айта кетейік, көмірдің бір тоннасы базардың бағасынан 500 теңгеге төмен болды.

Бүгін келісімді жалғастыруға ниет білдірілді. 40 мың тонна көмір жеткізу жоспарлануда, бұл шамамен 8 мың отбасын жылумен қамтиды.