Өскеменнен шығаберістегі жолдар жабылды - қар көшкіні қаупі жоғары
11:59, 05 Ақпан 2009
ӨСКЕМЕН. Ақпанның 5-і. ҚазАқпарат - /Людмила Малько/ - Өскеменнен Зырянов, Самарское, Горная Ульбинка, Северное елді мекендеріне апаратын автожолдар ақпанның 7-сіне дейін жабылды.
Қар көшкіні қаупінің жоғары болуына байланысты «Қазселденқорғау» мамандары аталған бағыттар бойынша автокөлік қозғалыстарына салынған тыйымды ұзартып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.