Өскеменнің 300 жылдығы тойлана ма – министрлік жауабы

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі тарапынан Өскемен қаласының мерейтойын атап өту жөнінде ұсыныс түскен жоқ. ҚазАқпараттың ресми сауалына ҚР Мәдениет және спорт министрлігі осылай жауап берді.

Шығыс Қазақстанда Өскемен қаласының тарихы туралы тұрғындарпікірі екіге жарылып, баспасөз бетінде айтыс-тартыс жүріп жатыр. Бір топ18-ғасырда салынған отарлау бекінісін алға тартып, Өскеменге 300 жыл болдыдесе, екінші топ археологиялық зерттеулерді негізге ала отырып, қаланың тарихын1000 жылмен өлшеп отыр.

ҚР Мәдениет жәнеспорт министрлігі Тіл саясаты комитеті басшысының орынбасары МайрашСағымбаеваның айтуынша, елді мекендердің мерейтойын атап өтудің өз регламентібар.

«ҚазақстанРеспубликасындағы мерейтойлар мен атаулы күндерді мерекелеу ҚР Үкіметінің 1999жылғы 28 қыркүйектегі № 1465 Қаулысына сәйкес жүзеге асырылады. АталғанҚаулыға сәйкес облыстардың, қалалардың, мерейтойлары жүз жылдығында және оданәрi әрбiр 25 жылда аталып өтiледi», - дейді ол.

Комитет өкілі еліміз бойынша аталып өтетін мерейтойлар менатаулы күндердің тізбесін жергілікті атқарушы әкімдік ұсыныстары негізінде бекітілетінінайтады.

«Осы ретте бүгінге дейін Шығыс Қазақстан облысы әкімдігітарапынан Өскемен қаласының мерейтойын атап өту жөнінде ұсыныс түспегенінжеткіземіз. Ал Өскемен қаласының тарихи жасын анықтау мәселесі белгіленгентәртіпке сәйкес, ең алдымен ғылыми қауымдастықтың талқылауына шығарылуы тиіс.Яғни ,ҚР Білім және ғылым министрлігінебағынысты жетекші ғылыми-зерттеу институттары мен оқу орындарының ғалымдарынаұсынылуы қажет. Осыдан кейін ғана, оны атап өту бойынша тиісті шешім қабылдануыкерек деген пікірдеміз», -дейді Майраш Сағымбаева.

Соңғы жаңалықтар