Өскеменнің аязында 10 адамды үсік шалды
04:27, 09 Желтоқсан 2018
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскемендегі №1 аурухананың жарақат бөліміне 200-дей адам келіп түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Аltaynews.kz сілтеме жасап.
Дәрігерлер берген ақпаратқа сүйенсек, 23 қарашадан бері 178 адам келген. Көк мұзда тайып жығылғандардың көбі - егде тартқан кісілер.
Ал аязды күндері үсіп қалған адамдардың саны - 10. Төртеуі амбулаториялық ем қабылдаса, алтауы емханаға жатқызылған. Сол алтаудың жартысы - тұрақты мекенжайы жоқ азаматтар.