Қала әкімі Ерлан Аймұқановтың ақпаратына сәйкес барлық 18 жоба жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу сатысында, 2017 жылғы қаңтардың аяғына дейін жобалардың көпшілігі бойынша жұмыстар аяқталады. Жобаларды іске асыруға 9 млрд теңгеге жуық қаражат көзделген.
«Келесі жылы Өскеменнің көлік жүйесі өзгереді. Барлық жобалар қаржымен қамтамасыз етілетін болады», - деді жобалаушылардың жұмысына оң баға берген өңір басшысы Даниал Ахметов.