Қазань командасының шабуылшысы Виктор Шахворостов матчтың 4-інші минутында қонақтар қақпасын қақыратты.
Электронды секундомер 3,05 секундты көрсетті.
Сөйтіп, Виктор Шахворостов «Жилина» командасының хоккейшісі словак Петр Сивактың 2012 жылы шайбаны қақпаға 3,23 секундта салған көрсеткішін жаңартты.
Виктор Шахворостов (1995 ж.) өскемендік хоккейдің үздік шабуылшысы атанған, денсаулығына байланысты спорттық жолын аяқтаған Александр Шахворостовтың отбасында дүниеге келген.