Ослода бейбіт тұрғындарға оқ атқан ер адам 30 жылға сотталды

АСТАНА. KAZINFORM – Бейсенбі, 4 шілдеде Осло аймақтық соты 2022 жылы Норвегия астанасындағы түнгі клубтың алдында қарудан оқ атқан атысқа қатысты үкім шығарды. AP келтірген сот шешіміне сәйкес, сотталушы – ирандық Норвегия азаматы Заниар Матапур лаңкестік әрекет үшін кінәлі деп танылып, 30 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды DW ақпарат агенттігі.

Фото: dw.com

Сот қаулысы бойынша, 45 жасар ер адам бейбіт тұрғындарға автоматтан 10, тапаншадан сегіз оқ атқан. Прокуратураның мәліметінше, Матапур «Ислам мемлекеті» (Қазақстанда тыйым салынған - ред.) лаңкестік ұйымына адал болуға ант берген.

Сот барысында айыптаушы мен қорғаушы да Матапурдың көпшілікке оқ жаудырғанын әрі бұл әрекеттің лаңкестікке қатысы бар екенімен толық келісті. Алайда сотталушының адвокаты қорғауындағы адамды шабуыл жасауға арандатып, өзін «Ислам мемлекетінің» жоғары лауазымды мүшесі ретінде таныстырған Дания барлау агенті екенін алға тартып, ақтау үкімін сұрады. 

Осло орталығындағы атыс 2022 жылдың 25 маусымына қараған түні бір-біріне жақын орналасқан үш мекеме ауласында болды. Шабуыл салдарынан екі адам мерт болып, 21 адам жарақат алды. 

Корольдік премьер-министрі Йонас Гар Стере бұл оқиғаны «жазықсыз адамдарға жасалған қатыгез шабуыл» деп атады. 25 маусымда Ослода жыл сайынғы Oslo Pride гейлер шеруі өтуі тиіс еді, бірақ ұйымдастырушылар полицияның ұсынысы бойынша өткізуден бас тартты.