Ослода Нобель сыйлығының лауреаттары белгілі болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2018 жылғы әлемдік Нобель сыйлығы Конго Демократиялық Республикасының хирург дәрігері Дени Муквеге және ирактық құқық қорғаушы, ДАИШ тобындағы лаңкестердің күңі болған Наде Мурадқа берілді. Бұл туралы жұма күні Норвегиялық Нобель комитеті мәлім етті, деп жазады ТАСС.

Сыйлық «Сексуалды зорлықты соғыс және қарулы қақтығыстардың қаруы ретінде пайдалануды тоқтатуға жұмсаған күш-жігері үшін» тағайындалған.

«Олар әскери қылмыстармен күресіп, одан құрбан болғандар үшін әділдіктің орнауына қол жеткізген» делінген комитет хабарламасында.

Әлемдік Нобель сыйлығы алғаш рет 1901 жылы тағайындалған. Ол 98 рет берілді, 131 лауреаты бар. Бұл аталымдағы жеңімпаз аталмаған жылдар да болған (соңғы рет - 1972 жылы). Оған Бірінші және Екінші дүниежүзілік соғыстар, комитет мүшелері арасындағы келіспеушіліктер және «лайықты кандидаттардың болмауы» себеп болды.

2018 жылғы сыйлықтың ақшалай көлемі 9 млн кронаны (1,02 млн.) құраған. Әлемдік сыйлық лауреаттары алған ақшасын қайырымдылыққа жұмсайды.

Сыйлықты табыстау рәсімі Осло қаласында 10 желтоқсан - Нобель қайтыс болған күні өткізіледі. Ел үкіметі мен Норвегия королінің отбасы мүшелері қатысатын салтанатты рәсім Осло-фьорд жағалауында орналасқан қалалық ратушада өтеді.