Осман әулетінің соңғы өкілі қайтыс болды

Фото: None
АСТАНА. 5 сәуір. ҚазАқпарат - Осман империясын басқарған әулеттің соңғы өкілі Фатма Назлишах Османоглу Сұлтан (Fatma Neslişah Osmanoğlu Sultan) 2012 жылдың 2 сәуірінде 92 жасында қайтыс болды.

 Бұл туралы Agence France-Presse хабарлады, деп жазды Лента. ру.

Түркияның Президенті Абдолла Гүл мен Премьер-Министр Реджеп Тайип Ердоған Назлишах Сұлтанның туыстарына көңіл  айтты.

Сұлтан Осман империясының және Мысырдың ханшайымы атағына ие болды. Ол Осман империясының соңғы сұлтаны VI Мехмедтің немересі және 1923 жылға дейін бүкіл әлемге мәшһүр болған империяның ресми түрде құламай тұрған кезінде туған әулеттегі соңғы бала болған.  

Айта кетейік, Осман империясының сұлтандарының әулеті 1924 жылы қуғынға ұшыраған. Тек ХХ ғасырдың 50-ші жылдарында ғана Османдықтарға Түркияға қайтуға рұқсат берілді, ал ер адамдарын 1974 жылға дейін елге кіргізбеген.

Осман империясы тарихтағы ең мықты әрі ұзақ өмір сүрген империялардың бірі. Ол 1299 жылдан бастап 1923 жылға дейін өмір сүрген, Азияның ауқымды аумағына, Солтүстік Африкаға және Еуропаның оңтүстігіне билігін жүргізген.