«Оның басты мақсаты - тиімді әрі заманауи жұмыс орындары мен жоғары қосымша құнды өндірістерді құру арқылы отандық автоөнеркәсіпті дамытуға инвестициялар мен жаңа технологияларды тарту», - деді бүгінгі брифингте ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев.
Көрменің ашылуына ҚР Премьер-министрінің орынбасары - Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев, мүдделі органдар, іскер топтар өкілдері қатысады.