Бұл туралы бүгін Астанадағы дәстүрлі брифингте ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.
«Кеңесте білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудағы азаматтық қоғам институттарының рөлі басты назарда болмақ, сондай-ақ онда педагогтармен, ата-аналармен және азаматтық қоғам өкілдерімен кері байланысты қамтамасыз ету, еліміздің білім беру жүйесін жаңғырту жағдайындағы білім беру мен тәрбие сапасын арттыру шаралары қаралады»,-деді ресми өкіл.
Жиын барысында мемлекеттік бағдарламаның жүзеге асырылу барысы мен білім беру саласындағы жаңалықтар туралы Қазақстанның Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов баяндап береді.