«Ертең, 27 маусым Мәжілісте ақпарат және коммуникациялар мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасының таныстырылымы болады. Осылайша, еліміздегі ақпараттық бағыттың дамуы мәжілісмендердің шешіміне байланысты болмақ», - дейді Лоскутова.
Ал заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің жұмыс тобы интеллектуалды меншік заңнамасын жетілдіру жайын талқыға салады. Бұдан бөлек, әлеуметтік-мәдени даму комитет жоғары оқу орындарының академиялық дербестігін пысықтайды. «Сәрсенбі күні Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысы өтеді. Сол күні әлеуметтік-мәдени даму комитет балалардың денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпараттардан қорғау мәселесін қарайды. Ал келесі күні балалардың құқықтарын қорғаумен айналысатын ұйымдардың қызметі қаралады. Сондай-ақ, мәжілісмендер зардап шегушілерге өтемақы төлеу қорының мәселелерін талқылайды», - деп атап көрсетті Лоскутова.
Айта кеткен жөн, 30 маусымда Парламент палаталарының бірлеске отырысын өткізу жоспарланып отыр.