Осы аптада сатылған iPhone саны 1 млрд-қа жетеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - The Financial Times газетінің жазуына қарағанда, осы аптада миллиардыншы iPhone сатылады. Басылым осы меже өтіп кеткен болу мүмкіндігін жасырмайды.

Өткен тоқсандағы және ағымдағы тоқсандағы Apple смартфондарының сатылымының көрсеткішіне қарап отырып осындай тұжырым жасалған.  

Сарапшылар соңғы үш айда 40 млн ұялы телефон сатылды, яғни шілде айының соңына дейін Apple саудаланған iPhone саны 987 млн-ға жетті деп көрсетті.

Осы сатылым болжамына сәйкес миллиардыншы iPhone иесінің қолына осы аптада тиеді деп болжанып отыр.