12:30, 25 Қараша 2013
Осы аптаның басты оқиғасы
АСТАНА. 25 қараша. ҚазАқпарат - Осы аптада Тұңғыш Президент күні аясында елімізде түрлі маңызды іс-шаралар өтеді. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.
«Ағымдағы аптадағы ең басты оқиға - 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күні. Тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстанның басты жетістіктері еліміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен тікелей байланысты екені баршаларыңызға мәлім», - деп тоқталды ресми өкіл. Оның сөзіне қарағанда, бұл атаулы күн аясында еліміздің барлық өңірлерінде түрлі маңызды іс-шаралар ұйымдастырылады.