«Бүгін Үкіметте экономикамыздағы маңызды бірқатар мәселелер қаралды. Біріншісі индустрияландыру бағдарламасының екінші бесжылдығы. Қазір 2020 жылға дейінгі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы әзірленуде. Осы айдың аяғына дейін бағдарлама Президент Әкімшілігі қарауына жіберіледі», - деді ол.
Оның атап өтуінше, екінші бесжылдықтың бағдарламасын осы жылы аяқталғалы тұрған бағдарламаның жалғасы деп білу керек. Алдағы бесжылдықта басымдық берілген салалардың саны аз болады. Олар: мұнай өңдеу мен химия саласы, химия өнеркәсібі, тамақ өнімдерін шығару, машина жасау, құрылыс заттары мен металлургия салалары.
«Бұл бағдарламада кластерлерді дамыту қарастырылған және инновациялар мен технологиялық жаңғыртуға үлкен көңіл бөлінеді», - деді Ә.Исекешев.